Қызылжар ауданы Пресновка ауылында болған өрттен үй иесі зардап шекті. От 120 шаршы метр аумақты шарпыған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, от 21-ші мамырға қараған түні болған. 4-ші строительный көшесінде орналасқан баспананың шатыры, ішкі құрылысы, жиһаз бен терезе жақтаулары жанып кеткен. Түнгі сағат екілер шамасында басталған өрт бір сағаттан соң толық ауыздықталған. Бұл жұмыстарға алты маман мен екі техника жұмылдырылды. Оттың шығуына пешті дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін. Өрт кезінде 1975 жылы туған отағасы зардап шегіп, Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Бүгін түнде көпбейінді қалалық аурухананың жарақаттану бөліміне жедел жәржем арқылы 48 жастағы ер адам жеткізілді. Оны 1-2-3А деңгейінде күйік шалған. Денесінің 20-25 пайызы зардап шеккен. Қазіргі кезде жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті ем-домның барлығын алып жатыр», — деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде аталмыш отбасығы көмектесу мақсатында ақша жинау басталды. Өрт шыққан жанұяда алты бала өсіп келеді екен.
Тағы оқыңзы: СҚО-да медициналық тексерістен өтпеген мектеп жүргізушілері оқушыларды тасымалдаған