Жыл басынан СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде жыл басынан бері 35 неке тіркелді. Яғни сотталғандар отбасын құрды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО бойынша ҚАЖД №51 мекемесінде сотталған азамат пен сүйіктісінің неке қию рәсімі өтті. Шараға АХАТ өкілі қатысты. Ресми түрде некені тіркеліп, бір отбасы құрылды.
Отбасы құру сотталғандардың қайта тәрбиелену және әлеуметке бейімделуіне мүмкіндік береді. Адамдардың жауапкершілігін арттырып, оң өзгерістерге ұмтылуға көмектеседі. Жасаған қателіктерін қайталамауға ықпал етеді.
Айта кету керек, жыл басынан өңірдегі түзету мекемелерінде 35 неке қию шарасы өткен.
Тағы оқыңыз: Денсаулық сақтау министрі ана мен бала өлімі жоғары өңірлерді атады