Солтүстік Қазақстан облысының ҚАЖД қызметкерлері ерекше сәлемдемені анықтады. Түзету мекемесіне қостанайлық азамат 17, 78 грамм марихуана алып өтбек болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға СҚО ҚАЖД № 51 түзету мекемесінде болған. Қызметкерлер сәлемдемелерді тексеру барысында жуынуға арналған жөкеден ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды. Дереу жедел тергеу тобы шақырылып, алынған зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

«Сараптама нәтижесі алынған заттың салмағы 17, 78 грамм болатын кептірілген марихуана екенін көрсетті. Тыйым салынған зат полиэтилен пакетке оралып, жуыну жөкесіне тігілген екен», — делінген СҚО ҚАЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Ал сәлемдемені Қостанай қаласының тұрғыны жіберген екен. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан өрт маусымына дайын емес — Бектенов

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *