Қызылжар ауданында түлкі үйдің ауласына кіріп кеткен. Онысымен қоймай аулада жүрген мысықты өлтіріп, итке де шабуылдаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға 18 қараша күні сағат кешкі 20:00 кезінде орын алған. Жабайы түлкі Бескөл ауылындағы үйлердің бірінің ауласына кіріп кеткен. Онысымен қоймай онда жүрген мысықты талап өлтіріп, итке де шабуыл жасаған.

Мән-жайды тұрғындар бейнеге түсіріп алған. Жабайы түлкі құтырма ауруына шалдыққан деген күдік бар. Аталған оқиға бойынша Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі мәлімдеме жасады.

«Мамандарымыз аулада жүрген иттің көзін жойды. Ит пен мысықтың мүрдесі облыстық зертханаға жіберілді. Аулада залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», — деп мәлімдеді жауапты орган.

Тағы оқыңыз: СҚО-да пышақ жарақатын алған жігіттің жағдайы ауыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *