Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік қылмыс тіркелді. ТҚКС иесі қызғаныштан ер адамды кувалдамен ұрып өлтіріп, мәйіттін сол жерде жасырған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қылмыс Мамлютка қаласында өткен аптада орын алған. Адам өлімімен аяқталған оқиғаға, қызғаныш себеп болуы мүмкін.

«Күдікті тұтқындалды. Кісі өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады QM реадкциясының сауалына СҚО ПД баспасөз қызметі.

Әзірге тәртіп сақшылары ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ, Мамлютка қаласының тұрғындарының айтуынша, оқиға болатын күні марқұм болған азамат келіншегімен досының техникалық қызмет көрсету стансасына келген. Олар дастархан жайып, бірлесіп ішімдік ішкен. Отырыс барысында жәбірленуші 43 жастағы әйелін досынан қызғанып, ер азаматтардың арасында жанжал туындайды. Осы сәтте келіншек үйіне кетіп қалған. Ал күдікті болса, бөтелкелесін кувалдамен ұрып өлтірген.

Оқиғадан кейін ТҚКС иесі жұмысшыларын жұмыс орнына кіргізбеген. Ол салық тексерісі жүріп жатыр деп сылтау айтқан. Бір сұмдықтың болғанын тұрғындар мәйіт иістене бастағанда бірақ білген. 

Айта кетерлігі, күдікті де қайтыс болған азамат та бұрын істі болған.

Естеріңізде болса, осыған ұқсас оқиға Есіл ауданында да болған еді. Онда ер адам қызғаныштан бұрынғы әйелінің сүйіктісіне пышақ сұғып алған. Қазір жарақат алған азамат ауруханада жатыр.

Тағы оқыңыз: Үш көлік, алты пәтер, тағы бірнеше жер учаскесі: Петропавлда бюджет қаржысын жымқырған депутаттың мүлкі тәркіленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *