СҚО-да субсидия ала алмай жүрген сүт зауыттарының бірі жабылып қалуы мүмкін

Солтүстік Қазақстандағы «ЭкоМол Сергеевка» ЖШС жабылып қалуы мүмкін. Өйткені, компания екі жылдан бері субсидия ала алмай келеді. Қарызға батқан серіктестік басшылығы проблемасын облыс әкімімен өткен кездесуде айтты. Кәсіпкерлер палатасында өткен жиынға Qazaqstan Media тілшісі де қатысып қайтты.

«ЭкоМол Сергеевка» ЖШС өңірге танымал кәсіпорындардың бірі. Мұнда 10-ға жуық сүт өнімі шығарылады. 30 адам еңбекпен қамтылған. Алайда қазір компанияның жағдайы мәз емес.

«2023 жыл біз үшін қиынға соқты. Нарықты ресейлік және белоруссиялық арзан өнімдер жайлады. Сондықтан олармен бәсекелесе алмай қалдық. Ол аз болғандай екі жылдан бері мемлекет тарапынан берілетін субсидияға қол жеткізе алмай келеміз. Кезекте тұрмыз. Бірақ қаржының қашан төленетіні белгісіз», — деді жиынға қатысқан «ЭкоМол Сергеевка» ЖШС директорының орынбасары Бақыт Рашитов.

СҚО-да субсидия ала алмай жүрген сүт зауыттарының бірі жабылып қалуы мүмкін

Жығылғанға жұдырық демекші, бүгіндері тауарды жеткізушілер кәсіпорынды сотқа берген. Өйткені, компания оларға былтырғы қарызын әлі төлей алмай отыр.

«Тауарды жеткізушілердің бірі былтырғы қарызымыз үшін бізді сотқа берді. Қазір, әрине жағдайды реттеуге  тырысып жатырмыз. Бірақ олар келіспесе сот қаулы шығарып, іс жеке сот орындаушыларына беріледі. Бұл дегеніміз, компанияның шоттары бұғатталып, 30 адам далада қалады деген сөз. Ал егер қарыздарды жапсақ, онда ісімізді одан әрі жалғастыра берер едік. Бәрі осы субсидияға тіреліп отыр», — дейді Бахыт Рашитов.

Кәсіпорын басшылығының сұрағына облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары жауап берді. Талғат Наурызбаев резервте тұрған компаниялардың барлығына субсидия төленетіндігін жеткізді.

«Биыл сүтті терең өңдеу бойынша 2,3 млрд теңге субсидия төленді. Қазір бізде 3,9 млрд теңгенің 195 өтінімі қарастырылуда. «ЭкоМол Сергеевка» серіктестігіне 24,2 млн теңге субсидия берілді. Қалған 111 млн теңгенің 43 өтінімі бойынша да қаржы төленетін болады. Бірақ біз барлығын кезекпен береміз. Сондықтан шамалы күте тұру қажет», — деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Талғат Наурызбаев.

СҚО-да субсидия ала алмай жүрген сүт зауыттарының бірі жабылып қалуы мүмкін

Тағы оқыңыз: Петропавлда экс-полицей қаланың қақ ортасында притон ұйымдастырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *