Солтүстік Қазақстан облысында 64 жастағы ер адам өз үйінде көз жұмды. Ол су жылытқыш баллоннын болгаркамен кеспек болған, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылында орын алды. 10-шы қыркүйек күні 64 жастағы ауыл тұрғыны су жылытқыш баллонды болгаркамен кесіп, алып тастамақ болады. Осы кезде баллон жарылған. Зейнеткер ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті «Адам өлімі» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда әскерилер президент жолдауын талқылады