СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер өтемақыға өтініштерін бере бастады

Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекет тарапынан берідетін көмек пен өтемақы алу үшін өтініштерін жазып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 12 мыңнан астам қауіпсіз жерге көшірілді. Петропавл қаласының өзінде мыңнан астам үй су астында қалды. Осы орайда ел президенті судан зардап шеккен барлық тұрғынға бірреттік көмек беріліп жатыр және комиссия мүлік шығындарын есептегеннен кейін өтемақы төленетіндігін айтты.

«Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындардың несиелері мен займдарын төлеу мерзімі шегеріледі»,-деді мемлекет басшысы облысқа жасаған сапарында.

Бүгінгі таңда өңірде мемлекет тарапынан көмек алу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Мәселен, Театральняа көшесі 36 мекенжайы бойынша Ойқала ауданының тұрғындары өтініштерін қалдыра алады.

«Бүгін біз өтініштерді таңғы сағат тоғыздан, кешкі тоғызға дейін қабылдайтын боламыз. Азаматтардың өтініштерін 24 маман қабылдап жатыр. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының үш маманы да тұрғындардың құжаттарын түгендеп, қажет анықтамаларын алуға көмектесуде. Барлық азаматтардың өтініштері қабылданатын болады»,-деді Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Данияр Асылбеков.

Тағы оқығыз: Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x