СҚО-да су басқан екі лагерьде жөндеу жұмыстары басталды

СҚО-да биыл жалпы 11 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Олардың тоғызы 10 маусым күні балаларды қабылдайды. Қалған екі сауықтыру мекемесі су тасқынына байланысты жұмысын шілде айында ғана бастайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде болған төтенше жағдайға байланысты Қызылжар ауданындағы екі жазғы лагерь су астында қалған болатын. Қазір сауықтыру орындарынан су толығымен тартылып, кептіру жұмыстары жүргізілген. «Орленок» лагерьін қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. Ал «Серебряный бордағы» жөндеу жұмыстары келесі аптаға жоспарланған.

«Биыл облыста жалпы алты мыңнан астам бала жазғы лагерьге барады деп жоспарланған. Мемлекеттік сауықтыру орындарына жолдама құны 35 мыңнан басталса, сенімгерлік басқаруға берілген екі лагерьде 50 мың теңге тұрады. Ал Тайынша ауданының қарамағындағы бірақ Бурабайда орналасқан «Эделвейс» лагеріне жолдама 65 пен 100 мың теңге аралығында. Бірақ Тайынша ауданының балалары бұл сауықтыру орнына 35 мың теңгемен бара алады», – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Мафруза Науанова.

Айта кетейік, СҚО-ның Айыртау, Уәлиханов, Ақжар, Тимирязев және Мамлют аудандарында жазғы сауықтыру лагерьлері жоқ. Сол себепті, бұл ауданның оқушылары басқа жақта демалуға мәжбүр. Сонымен қатар өңірдің түрлі санатқа жататын және тасқын судан зардап шеккен 522 баласы Бурабайда «Қазақстан халқына» қоры есебінен демалатын болады.

Тағы оқыңыз:Қазақстанда су тасқыны аяқталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x