Солтүстік Қазақстанда комиссия тасқын су басқан үйлерді зерттеп жатыр. Бүгіндері 300-ден астам баспанада тиісті жұмыстар жүргізілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Осы уақытқа дейін СҚО-да зерттелген 347 үйдің 125-інде бағалау жұмыстары аяқталды. Олардың 23-ін қалпына келтіруге болады.
«Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы құрылған комиссияларға 3807 өтініш түсті. 2972 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады», — деді СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин.
Тағы оқыңыз: Қазақстан халқы бірлігі күнінде Уәлиханов ауданында 250 түп көшет егілді