СҚО-да студенттерден ақша бопсалаған жасөспірім сотталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірім бірінші курс студенттерін қорқытып, ақша бопсалағаны үшін екі жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған фактілерді Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінің бірінші курс студенттерімен әңгімелескен прокуратура органдарының қызметкерлері анықтады. Бұл жағдай бірден Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес Ақжар аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Ақжар аудандық сотының 28 қарашадағы үкімімен аталған колледждің үшінші курс студенті осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгінгі күні үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ең сорақысы сол, оқу орнының басшылығы аталған жағдай туралы білген. Бірақ құқық қорғау органдарына хабарламаған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған бұзушылықтар үшін колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылып, болашақта мұндай фактілердің орын алуына жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру қайта қаралды», — делінген ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Балаға арналған карнавал костюмін таңдағанда не нәрсеге көңіл бөлу керек?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *