Солтүстік Қазақстан облысында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Оның аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері пластик бөтелкелерді бөлек жинап, сұрыптап шықты. Осылайша, бір күннің ішінде 13 келі қалдық жиналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс-шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қалдықтарды жауапты түрде өңдеуді насихаттауға бағытталған. Аталған науқан AMANAT партиясының «Болашақ» филиалы мен «Raduga KDR» ЖШС қолдауымен өтті. Студенттер жиналған қалдықтарды дәл сол жерде сұрыптап, акция аяқталғаннан кейін оны қайта өңдеуге жіберді. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда мұндай іс-шаралардың маңызы орасан зор.

«Жастар қоқысты бөлек жинаудың маңыздылығын түсінсе екен дейміз. Елімізде жыл сайын шамамен 4,5 миллион тонна тұрмыстық қалдық тасталады. Оның басым бөлігі полигондарға шығарылады. Тек осы қалдықтардың төрттен бірі ғана қайта өңделеді, ал біздің мақсатымыз — бұл көрсеткішті арттыру. Мұның бәрі ең алдымен қоқысты дұрыс сұрыптауға жауапкершілікпен қарау арқылы мүмкін болады», — деді «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

СҚО-да студенттер 13 келі қалдықты қайта өңдеуге жіберді СҚО-да студенттер 13 келі қалдықты қайта өңдеуге жіберді СҚО-да студенттер 13 келі қалдықты қайта өңдеуге жіберді

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай іс-шара дәстүрге айналса екен дейді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Ауған соғысы ардагерлеріне 138 мың теңгеге жуық жәрдемақы төленеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *