СҚО әкімінің өкімімен Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықов СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды,  деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Төрт айдан бері басшысыз отырған СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді. Енді бұл қызметті осыған дейін Қазақстан таеквондо Федерациясының бас хатшысы болған Әділхан Сағындықов атқармақ.

Әділхан Сырлыбайұлы Шымкент қаласының тумасы.  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін экономика және менеджмент, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары Штаттық ұлттық спорт резерві командалары дирекциясының таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушысы, Астана әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары және басшысы болды.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын Сергей Мелехов басқарған болатын. Ол желтоқсан айының басында Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мерекелік отырыс адам өлімімен аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *