Облыс орталығында биыл мыңнан астам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. СҚО-да ашуын ауыздықтай алмаған адамды тәртіпке салу мақсатында мәжбүрлі түрде арнайы психологиялық курстар тағайындалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда биыл мыңнан астам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Жаға ұстатарлық статистика. Бұл сан жыл сайын артпаса, кеміп жатқан жоқ. Айта кету керек, Бұл шешімді сот органдары қабылдайды. Қазіргі таңда өңірдегі мамандандырылған психологтардың бақылауында 11 адам бар.

СҚО-да соттың шешімімен 11 ызақор психокоррекциялық курстан өтуде
СҚО-да соттың шешімімен 11 ызақор психокоррекциялық курстан өтуде

«Психокоррекциялық курс 6 айдан 1 жылға дейін созылады. Мамандардың мақсаты — мұндай жандармен жүйелі түрде әңгімелесу. Агрессия көрсету — ол адамның өзінің таңдауы, яғни әрқайсысы оны қадағалай алуы тиістігін жеткізу. Ашушаң адамды сабырға шақыратын психолог білікті болуы қажет. Бүгін жанның шипасын іздейтін жандардың басын қосып, тәжірибе алмасып жатырмыз. Шараға аудандық және қалалық ауруханалардан 30-ға жуық психолог келіп отыр», — облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Ирина Якимова.

Татьяна Литвиненко М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасында еңбек етеді. Бұл салада қызмет етіп жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Нәзікжанды қазіргі күні соттың шешімі бойынша 7 бірдей агрессормен жұмыс істеуде. Олар апта сайын кездесіп тұрады. Әр кездесуде психолог ашудың туындау себебін, жалпы тұлғаның мінез-құлқын зерттейді.

«Алдымен пациентке диагностика өткіземіз, жақынырақ танысуға тырысамыз. Өз тәжірибеме сүйене келіп, зорлық-зомбылық көрсетушілерге екі фактор әсер етеді деп ойлаймын. Оның бірі — әлеуметтік орта. Яғни, агрессордың бала кезден ұрып-соғу, буллингтен зардап шегуі. Ал екінші фактор әр жанның өзіндік мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Мұндай адамның бойында ашушаңдық, алаңдаушылық және нарциссизмнің белгілері болады», — М.Жұмабаев ауданы аудандық ауруханасының психологы Татьяна Литвиненко.

Ал егер тиісті тұлға сотың шешімін ескермесе, психологтың алдына келмесе мамандар тәртіп сақшыларына жүгіне алады. Полиция қызметкерлері өз кезегінде агрессорларды жауапкершілікке тартады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да халық сазгері Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы насихатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *