СҚО-да сотталғандардың қолынан шыққан өнімдер Еуропаға сатылады 

Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан түзету мекемелерінде 17 жеке кәсіпкер ісін дөңгелетіп отыр. Онда 250-ге жуық сотталған жұмыс істейді. Бүгін Петропавлда көрме өтіп, онда жазасын өтеушілер жасаған бұйымдар қойылды. Оның ішінде киім-кешек, жұмсақ ойыншықтар мен ағаштан жасалған өнімдер бар, деп жазады көрмені тамашалаған Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстағы үш түзету мекемесінде 17 жеке кәсіпкер өз ісін ашқан. Оның ішінде ағаш пен темірден бұйым жасау, тігін және пластикалық терезелер шығаратын цех бар.

Көрмеде көзге түсетін өнімдердің бірі — ат әбзелдері. Ер тоқым, жүген, қамшының барлығы да қолдан жасалған. Оларды Заречный кентінде орналасқан № 48 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан жандар жасаған.

СҚО-да сотталғандардың қолынан шыққан өнімдер Еуропаға сатылады 

 

«Бұл кәсіппен айналысып жатқанымызға жеті жыл болды. Ал түзету мекемесінде ашылғанымызға төрт жыл. Қазір бізде 10-нан астам сотталушы жұмыспен қамтылған. Барлығын өзіміз үйретеміз. Себебі, олар бостандықта жүргенде ағаштан бұйым жасау, тігіншілікпен айналыспаған жандар. Сондықтан барлығын басынан бастап үйретеміз. Біреулері машинкада отырып тіксе, кейбірі қолмен тігеді. Барлығының өз міндеті бар. Бір ер тоқымды толық жасап, жинау үшін бір аптадай уақыт керек», — дейді «Осипов» ЖК құрылтайшысы Болат Қуанышбаев.

Сонымен қатар, көрмеге ағаштан жасалған әшекей заттар салатын қобдиша, нарды, кәдесыйлар да қойылған.

СҚО-да сотталғандардың қолынан шыққан өнімдер Еуропаға сатылады 

 

Айыртау ауданындағы № 51 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер темірден бұйымдар жасайды екен.

Ал темір торда отырған қыз-келіншектер тігін цехында еңбек етеді. Олар тапсырыс бойынша арнайы қызметтік киімдер тігеді. Сонымен қатар, олардың қолынан шыққан жұмсақ ойыншықтар да көпшілікке ұсынылды. Олар ТДМ елдеріне сатылымға шығарылады екен.

СҚО-да сотталғандардың қолынан шыққан өнімдер Еуропаға сатылады 

«Бізде биыл әйелдер колониясында пешке арналған түйіршіктерді шығаратын цех ашылды. Ерлер колониясында күнбағыс майы өндіріледі. Одан қалған қалдықтар да іске асырылып, мал азығы үшін пайдаланылады. Кейбір өнімдеріміз Еуропа елдеріне экспортталады», — деп нақтылады ҚАЖД бас маманы Татьяна Төлегенова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 202 ауылдың тұрғыны ауыз суға жарымай отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x