Петропавлдағы №48 мекемесінде «Ұлттық ойындар-2025» жарысы ұйымдастырылды. Оның аясында сотталғандар тоғызқұмалақтан, садақ атудан, қазақ күресінен және ләңгімен өзге де спорттық ойындардан бақ сынады, деп жазады Qazaqstan Media.

№48 мекемесінде ұлттық ойындарға 100-ден астам жазасын өтеп жатқан жігіт қатысты. Сотталғандар спорттың он түрінен бақтарын сынап көрді. Қазақ күресі, тоғыз құмалақ, садақ ату, асық ату, ләңгі және арқан тартыс, қошқар көтеру, таяқ тарту, аударыспақ ойындары жарыс бағдарламасына кірді.  Сайыс барысын сотталғандардың ата-аналары  да тамашалай алды.

СҚО-да сотталғандар қазақ күресінен чемпионды анықтады
СҚО-да сотталғандар қазақ күресінен чемпионды анықтады

Темір тордың ар жағында қошқар көтеруден өз рекорды орнатылды. Сотталған қошқарды 230 рет көтерді. Ал, тағы бірі- садақ атуда бес рет межеге дәл тигізді.  

Жарыстың ең тартысты ойындарының бірі-қазақ күресі болды. Жеңімпаздар 70,80 және 90 келіден артық салмақта бозкілемде белдесті.

Мекеме барысы болып –жазасын өтеуші  Руслан Дударкиев танылды. Ол осымен үшінші рет чемпион болып отыр. Оған «48 мекеме барысы – 2025» чемпиондық белдігі берілді.

СҚО-да сотталғандар қазақ күресінен чемпионды анықтады
СҚО-да сотталғандар қазақ күресінен чемпионды анықтады

Тағы оқыңыз: TikTok-та былапыт сөздер айтқан петропавлдық айыппұл арқалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *