https://qaz-media.kz/

СҚО-да соңғы екі жыл ішінде 21 тауарлы-сүт фермасы ашылып, өндіріс көлемі артқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін өңірде сүт өндірумен айналысатын кәсіпкерлер бас қосып, саладағы проблемаларды талқылады. Жетістіктерімен бөлісті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен 100-ден астам кәсіпкер қатысуда. Солардың бірі – Дидар Бейсенбаев. Ол Павлодар облысындағы «Крон Агро» ШҚ жетекшісі. Бұл шаруа қожалығы 2020 жылы құрылған. Фермада  симментал тұқымды 1000 сауын сиыр бар.

«Бұл форум сүт өндірушілерді қолдау мақсатында өткізіліп отыр. Мемлекет тарапынан қалай қаржылық қолдау алуға болатынын, қандай тұқымды ірі қара алу керек екенін білдік. Жиыннан күтерім көп. Басқа аймақ кәсіпкерлерімен тәжрибе алмасу өте пайдалы. Біз әлі жас шаруа қожалықтарының бірі болып саналамыз. Сол себепті, жоспарымыз да ауқымды», — дейді Дидар Бейсенбаев.

Жалпы облыста инвестициялық жобаларды іске асыру аясында  соңғы 2 жылда 35 жоба, оның ішінде 21 тауарлы-сүт фермасы қаржыландырылған. Нәтижесінде, 1400 жұмыс орны ашылды. Және өңірдегі сүт өндірісі 59,1 мың тоннаға дейін артқан.

СҚО-да соңғы екі жылда сүт өндірісі артқан

«Бұрын инвесторлар 2-3 жылға дейін мемлекет тарапынан несие ала алмай жүретін. Бұл уақыт ішінде инвесторлардың келісімшарттары бұзылып, барлығы қымбаттап кететін. Осы мәселелерді шешу мақсатында, біз агроөнеркәсіптік кешендегі ірі инвестициялық жобаларды «Солтүстік ӘКК» арқылы жеңілдетілген несиемен  қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Оның тиімділігін байқағандықтан 2021-2025 жылдардағы облысты дамытудың кешенді жоспарына да қостық. Екі жыл ішінде бұл жобаға республикалық бюджеттен  35 млрд теңге бөлінді», — деді форумға қатысқан СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Форумға шет елдік кәсіпкерлер де қатысты. Солардың бірі-Украйнаның  Dairy Global Experts компаниясы. Шет елдік мамандардың сөзінше, әрбір сүт фермасында ветеринариялық қызмет өте маңызды. Және ірі қараға уақытылы вакцина қою және тиісті күтіп көрсету өнімнің сапасына тікелей әсер етеді екен.

 «Бідің компаниямыз 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Павлодар, Петропавл қалаларымен тығыз байланыстамыз. Мен өзім Павлодардағы «лактолис, фуд мастер» компаниясына тиесілі  шаруашылықта жұмыс істеймін. Бізде 1800 ірі қара бар. Және сүт өндіру бойынша өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік.Бүгінгі форумда өз тәжірибемізбен бөліспекшіміз»,- Dairy Global Experts компаниясының ветеринариялық қызмет басшысы Виталий Захарченко.

Айта кетейік, форум екі күнге жоспарланған. Бүгін кәсіпкерлер теориялық жағынан тәжірибе алмасса, ертең өңірдегі тауарлы-сүт фермалардың жұмысымен танысады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x