5-ші мамыр күні Петропавлда Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Архиповна Волкодав дүние салды. Ол биыл 103 жасқа толған еді, деп жазады Qazaqstan Media.

Валентина Архиповна майданға 19 жасында аттанды. Ол Белорусь және Украина майдандарында көпір салу батальонында қызмет етіп, жаудың оқ жаудырған жағдайында көпірлер тұрғызып, әскердің алға жылжуына жол ашты. Волгадан Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті.

Ұлы Отан соғысы II дәрежелі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін ел игілігі үшін еңбек етті – Целиноградтағы керамика зауытында бухгалтер болып жұмыс істеді. Соңғы 30 жылдан астам уақытын Петропавлда өткізді.

«Соғыстың ауыртпалығына қарамастан, Валентина Архиповна әрдайым жарқын жүзді, қайратты әрі өмірге құштар жан болды. Биыл ол 103 жасқа толып, айналасындағыларды сергектігімен қуантты. Нағыз батырдың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», — деп  жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. 

Тағы оқыңыз: Ақордада СҚО полиция майорына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *