[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/Depositphotos_170109216_xl-2015_1-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″]
СҚО полицейлері «Өрмек» жедел-профилактиклық іс-шарасы аясында синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қаңтардың 16-сы мен 20-сы аралығында СҚО-да «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде Астана қаласынан Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Тәртіп сақшылары «тұз» деген атпен белгілі «α-PvP» синтетикалық есірткісінің ірі көлемін тәркіледі. Сондай-ақ, полицейлер есірткі жеткізуші курьерді ұстағанын хабарлады. Одан синтетикалық есірткісі бар 50 түйіншек тәркіленген.
«Бес күн ішінде облыста есірткінің заңсыз айналымы саласында 14 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Іс-шараны өткізген кезде есірткіні жеткізу арналарын анықтауға, есірткіні, әсіресе, синтетикалық психоактивті заттарды өткізуді ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеуге ерекше назар аударылды», — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]