СҚО-да сібір жарасы және мал қорымдарының тиісті деңгейде ұсталмай келгендігі анықталды

Солтүстік Қазақстанда ветеринария заңнамасының талаптарын өрескел бұзудың фактілері анықталды. Саладағы былық өңір прокурорлары жүргізген тексерістен кейін әшкере болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстың ветеринарлық қызметтері «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына қайшы, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзып, ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық жүргізбеген.

«Ветеринарлар малды вакцинациялау кезінде бұрмалауға жол берген. Сөйтіп, 15 мың жағдайда жалған екпе жасау фактілері анықталды. Сондай-ақ 242 жағдайда белгіленген тәртіпті бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық анықтамалар берілген. Бұдан бөлек, мал сою пункттері мен алаңдардың жеткіліксіздігінен жеке шаруашылықтарда малды сою тәжірибесі жалғасуда», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар сібір жарасы қорымдары мен мал қорымдарын тиісті деңгейде ұстамаған. Бұл ветеринариялық ережелердің талаптарына қайшы келеді.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осыған дейін жер қатынастары саласында тексеріс жүргізіліп, бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тасқыннан зардап шеккен саяжайларды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x