СҚО-да сібір елігін заңсыз атқан аңшы жазадан құтыла жаздады

Солтүстік Қазақстанда заңсыз аңшылық құрған азамат екі жылдан бері жазаланбаған. Нақтырақ айтсақ факті тіркелген, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылыпты. Жануарлар әлеміне келтірілген залал 1,2 млн теңгені құрады. Алайда қылмыстық қудалау органы залалды өтеу және заңда белгіленген жауапкершілікке броконьерді тарту жөніндегі шараларды 2 жыл ішінде қабылдамаған, деп жазады Qazaqstan Media.

Сібір елігін заңсыз ату фактісі 2022 жылы орын алған. Бірақ, броконьер жазасыз қалыпты. Оны прокурорлар тексеріс барысында анықтады.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңнаманың қолданылуын талдаумен жеке тұлғаны заңда белгіленген жауапкершіліктен босатуға әкеп соққан бұзушылықтарды анықтады.Қылмыстық қудалау органы 2022 жылы сібір елігін заңсыз аулау фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қозғаған, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған» ,-деп жазылған СҚО прокуратурасы таратқан хабарламада.

Прокуратура заңсыз тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп – тексерудің күшін жойды, тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз етті. Кінәлі адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бір мезгілде прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган 1,2 млн теңге сомасында жануарлар әлеміне келтірілген залалды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2024 жылғы 12 шілдеде аудандық сот зиянды өтеу туралы талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:Петропавлда емхананың бас дәрігері пара алды деген күдікке ілінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x