[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/Факт-незаконной-охоты-был-выявлен-в-первые-дни-нового-года-в-СКО-1-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Жаңа жылдың алғашқы күндері өңірде заңсыз аң аулау фактісі тіркелді. Полицейлер 3 сібір елігін атып алған браконьерлерді құрықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қаңтардың 3-і күні рейд жүргізген полицейлер Қызылжар ауданы Соколовка елді мекенінің маңында «Mitsubishi Montero» жол талғамайтын көлігін тоқтатқан. Машинада Петропавл қаласының 41 және 38 жастағы тұрғындары болған. Тәртіп сақшылары темір тұлпардың есігіне жұққан қанды көріп, көлікті тексеру барысында, арнайы қапшыққа салынған 12-ші калибрлі «АТА-ARMS» тегіс ұңғылы қару мен жануарлардың еті салынған сөмкені тапқан. Кейін анықталғандай, ер адамдар аң аулауға шыққан. Бірақ оларда бір қоянды атуға ғана рұқсат қағазы болған.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару, оқ-дәрі, жануарлардың еті тәркіленді», — дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]