СҚО-да шенеуніктер 7,1 млрд теңге бюджет қаражатын заңсыз жұмсамақ болған

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет ақшасын оңды-солды жұмсау фактісін анықтады. Жыл басынан 20 мемлекеттік сатып алу тоқтатылып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге бюджетте қалды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғалары жер учаскелерін құқықтық белгілейтін құжаттарсыз, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізген. Оны мамандар 3,6 млрд теңгеге бағалапты. Осындай заң бұзушылықтар аудандарда да тіркелген.

«Шал ақын ауданында экономика және қаржы бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына қайшы 57,8 млн теңгеге сатып алу жүргізген. Олар аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпеген. Есіл ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 млн теңге сомасында көмір сатып алған», – деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тексерулерден кейін жоғарыда аталған сатып алулар жойылды. Жіберілген бұзушылықтар үшін 29 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.  Оның 7-уі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, 4-і жұмыстан босатылды және 3-і толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды.

Жалпы жыл басынан бері прокурорлар 20 мемлекеттік сатып алуды бұзып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да демалыс базасына барған екі адам күйіп қалған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x