СҚО-да шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы айтылды

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған кеңес өтті. Оған ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Жиында диқандарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері талқыланды, деп жазады Qazaqstan Media.

Әкімдіктегі жиын егін шаруашылығымен айналысатын бизнесмендерге арналды. Биыл жауынды жаз бен ылғалды күз егін орағына біраз кедергі келтірді. Қазір танап басындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Облыс шаруалары астықтың 93 пайызын орып үлгерген. 5,6 млн тонна өнім бастырылыпты. Қазіргі кезде облыс бойынша бидайдың орташа өнімділігі 18ц/га құрап отыр. Тек кейбір шаруа қожалықтарында өнім берекелігі 30 центнерден.
Енді диқандардың алдында жиналағн астықты сапалы сақтап, жақсы бағамен өткізу міндеті тұр. Бұл орайда мемлекет астықты кептіру үшін арзандатылған дизель отыны мен сұйытылған газ бөлгенін айта кету керек.
Жиынға мемлекеттік қызметкерлерден басқа, серіктестік басшылары мен диқандар қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Жанар Маханова оларға «Кең-Дала-2» мемлекеттік бағдарламасының тиімді тұстары туралы айтты. Бағдарлама бойынша шаруалар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жылдық бес пайызбен жеңілдетілген несие ала алады. Тағы бір артықшылығы – фермер кепілдік сомасының 15 пайызын ғана береді. Қалған 85%-на «Даму» қоры кепілдік береді.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанға биыл 11 жас дәрігер келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *