Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қоныс аудару бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. Нәтижесінде мемлекетке 11 млн теңгеден астам шығын келген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
 
Мұндай фактілер Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Жамбыл аудандарында тіркелген. Қоныс аударушылар тұрғын үй сатып алу шығындарын өтеу үшін мемлекеттік өтемақыны барынша үлкен көлемде алу мақсатында олардың нақты құнын жасанды түрде асыра көрсеткен. Осылайша, олар Әлеуметтік кодекс және адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының талаптарын бұзған. Нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 11,3 млн теңге шығын келтірілген. 

«Осы фактілерге сүйене отырып, прокуратура Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Аудандық сот үкімімен бағдарламаның үш қатысушысы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды (заңды күшіне енген)», — деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мемлекеттен қаржылай көмек алған кей қоныс аударушылар басқа аймақтарға көшіп кеткен. Соған қарамастан жергілікті атқарушы органдардың шенеуніктері 103,6 млн теңге көлеміндегі төлемдерді өндіріп алу шараларын қолданбаған.

«Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың 25 қызметкері (оның ішінде Мансап орталықтары филиалының11 басшысы) тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 19,1 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты өтелді. Қалған сомаға талап арыздар сотқа беріліп, қаралуда», — делінген жазбада.

Тағы оқыңыз: Петропавлда саяжайлар сүріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *