Қазгидромет сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Көктемнің екінші айы құбылмалы болмақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазгидромет» мамандары сәуір айының бірінші онкүндігінде ауа райы тұрақсыз болады деп отыр. Кей жерлерде түнде 3 градусқа дейін аяз болады.

«Айдың екінші онкүндігінің басында да кей жерлерде түнде -3+2°С, күндіз +4+9°С-ты көрсетеді. Ал онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде +2+7°С, күндіз +13+18°С жоғарылайды. Үшінші онкүндікте түнде ауа райы +5+10°С-тан 0+5°С-қа дейін, күндіз +18+23°С, ал солтүстік-шығыста +27°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді», — делінген «Қазгидромет» РМК СҚОФ ұсынған ақпаратта.

Жауын-шашын мөлшері де нормадан көп түседі деп күтілуде. Жиі жел соғып, оның екпіні 15-20м/с-қа дейін жетеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 39 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіледі

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *