Петропавлда Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында жазушының өмірбаяны мен еңбек жолы жайлы кеңінен айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы жиынға арнайы құттықтау хат жолдаған. Оны бас қосу барысында өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді.

 

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

«Сәбит Мұқанов — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Шығармалары әлемдік деңгейде кеңінен танылған. Ұлы тұлғаның есімі ешқашан ұмытылмайды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда өзекті мәселелер көтеріледі деп ойлаймын», — деп жазылған Мемлекет басшысының хатында.

Шараға қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жазушының өңір үшін орны бөлек екенін жеткізді. «Тау тұлғаның есімі ешқашан ұмытылмайды. Жерлестері оны әрдайым құрмет тұтады.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ұлы тұлғаның мерейтойы — еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі. Облысымызда айтулы датаға орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Әр шараны жоғары деңгейде өткізуге бар күшімізді саламыз», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Сәбит Мұқанов — сегіз қырлы, бір сырлы жан. Тума талант. Көзін көргендердің айтуынша, дархандығы даладай, көңілі жас баладай азамат болған. Кенже қызы Жанна Мұқанова әкесін ардақтап жатқан теріскей халқына алғысы шексіз.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Әкеміз жұмыс істеп жатқан кезде біз мүлдем шуламайтынбыз. Тіпті, үніміз де шықпайтын. Әкемнің жүзі жылы болып көрінгенімен сөзі сүйектен өтетін. Оның айтқан ақылы — біз үшін баға жетпес байлық», деді Сәбит Мұқановтың қызы.

Сәбит Мұқанов сегіз жасында тұл жетім қалған. Ол еңбекке ерте араласты. Қой да, жылқы да бақты. Жоқшылықтан көз ашпады. Бірақ, білімге деген құштарлығы бір сәтке де басылған емес. Басқосуға арнайы келген Күләш Ахмет Сәбит Мұқановты 30 жыл бойы зерттеген екен.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Сәбит — сан қырлы тұлға. Сан қырлылығы соншалық кейбір мұрасы реттеліп те, зерттеліп те болған жоқ. Жазушылардың ішінде Сәбит Мұқановтан көп оқырманы бар адам жоқ. Менің ойымша, СҚО-дағы бір ауданға атақты тұлғаның аты берілуі керек», — дейді филология ғылымдарының докторы.

Айта кету керек, ертең нар тұлғаның кіндік қаны тамған аймақ Жамбыл ауданында мерейтойға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да дәрілер рецептсіз сатылып келген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *