СҚО-да сұйытылған газ тапшы

Облыста жанар-жағармай құю бекеттерінің көбінде көгілдір отын тек талонмен босатылып жатыр. Қалтаға қолайлы деп көлігін газға ауыстырғандар көгілдір отын таппай қиналып жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі Хабар телеарнасына сілтеме жасап

“Ауылдан келдім. Ол жақта 2 аптадан бері газ жоқ. Қазір көлігіме бензин құйып жүрмін.”,-дейді көлік жүргізушісі Юрий Игнатов

Жанар-жағармай бекеттерінің көбінде «Газ жоқ» деген жазуды көресіз. Ірі компаниялар ғана оны талонмен саудалайды. Бір литрі – 81 теңге. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында 138 газ құю бекеті бар. Оның 36-сы Петропавл қаласында орналасқан. Ал басым көпшілігінде бүгінгі күні көгілдір отын тек талонмен босатылып жатыр.

“ Біз тек қоғамдық көліктерге құямыз. Оның өзінде 2 сағат бұрын таусылып қалды. Енді аптаның соңына дейін болмайды деп жатыр. Жалпы бұл мәселенің туындағанына бір айдан асты. “,-дейді жанар-жағармай құю станциясының операторы Руслан Исмагилов.

Жауапты мамандардың айтуынша мұндай мәселе орақ науқаны басталған кезеңде жылда қайталанады. Яғни, қазір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері астық кептіру үшін газды жаппай сатып алып жатыр.

“Біздің өңірге бір айға орта есеппен 5 мың тоннадан астам көгілдір отын қажет. Бірақ қазір орақ науқаны жүріп жатыр. Одан қалды жылыту маусымы басталды. Сәйкесінше газға деген сұраныстың артқанын байқап отырмыз. Сондықтан осындай мәселе туындады. Қазір бізге қосымша көгілдір отын бөлу үшін министрілікке арнайы өтініш бердік.”,-дейді энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының м.а. Владислав Лукин

Жауапты мамандардың айтуынша жақын күндері аймаққа газдың кезекті партиясы жеткізіледі. Көгілдір отын негізінен Павлодар және Ақтөбе облысынан тасымалданады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x