Петропавлда 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиаданың шешуші кезеңі өтіп жатыр. Білім сайысына 16 үздік оқушы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-да республикалық олимпиаданың шешуші кезеңі басталды
СҚО-да республикалық олимпиаданың шешуші кезеңі басталды

Қорытынды сайысқа аудандық, қалалық кезеңде үздік деп танылған 16 оқушы жолдама алған. Олар бүгін 30 сұраққа 90 минут ішінде жауап беріп, өз білімін дәлелдеуге тырысты.

«Биылғы олимпиада әділ өтуде: барлық өңірлерде байқау YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетілуде. Бұл – ата-аналар, мұғалімдер және өзге де қызығушылық танытқан көрермен үшін тамаша мүмкіндік. Білім сайысы жыл сайын төрт кезең бойынша өткізіледі: мектептік, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық. Оқушылар 8 жалпы білім беретін пән бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетеді», — деді «Қызылжар Дарыны» орталығының әдіскері Ильвира Ильясова.

СҚО-да республикалық олимпиаданың шешуші кезеңі басталды
СҚО-да республикалық олимпиаданың шешуші кезеңі басталды

Олимпиадада жеңімпаздар әр сынып деңгейі бойынша жеке анықталады. Өткен жылы солтүстікқазақстандық оқушылар республикалық кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп, бірнеше оқушы жүлделі орындар мен дипломдарға ие болды. Атап айтқанда, үш оқушы I дәрежелі дипломмен, екі оқушы II дәрежелі, тағы үшеуі III дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Тағы көріңіз: Елімізде бірінші  маусым — Балаларды қорғау күні мемлекеттік мереке болуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *