Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдің біршамасы жөнделді. «Жезқазған — Петропавл» автожолының 919-946 шақырым аралығындағы учаскесі жаңартылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Жөндеу жұмыстары барысында 26 шақырымдық жолдың негізі суық ресайклинг әдісі арқылы жаңартылды. Сонымен қатар, екі қабатты асфальтбетон төселіп, жол жиегі нығайтылды. Съездер мен демалыс алаңдарында да жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жабыны жаңартылды. Автопавильондар да ауыстырылып, сапасы арттырылды. 26 шақырымда жол белгілері орнатылып, таңбалары сызылды.

Мамандардың айтуынша, жолдың жөндеуден өтуі көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, жол сапасын ұзақ уақытқа қамтамасыз етеді.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында әмбебап дүкен ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *