СҚО-да республикалық маңызы бар тас жолдарды қардан тазартуға 128 техника жұмылдырылады 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ қысқа дайын. Қауырт маусым басталғанда республикалық маңызы бар тас жолдарды қардан тазартуға 128 техника жұмылдырылмақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс арқылы өтетін республикалық тас жолдың жалпы ұзындығы — 1700 шақырымды құрайды. Биыл жолдарды қыс уақытында қардан тазалауға 128 техника тартылмақ. Оның 31-і биыл жаңадан сатып алынған.

«Қазіргі кезде техниканың қысқа дайындығы 100 пайыз деп айта аламын. Қолда бар 128 техниканың барлығы аудандарға бөлініп, жіберілді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда тағы 19 техниканы жалға алуға келісім жасалған. Көктайғаққа қарсы химиялық реагенттерді де алып қойдық», — деп нақтылады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ директоры Талғат Смағұлов.

СҚО-да республикалық маңызы бар тас жолдарды қардан тазартуға 128 техника жұмылдырылады 

Айта кету керек, компания биыл алты мың текше метр құм-тұз қоспасын әзірлеген. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есеге көп.

Өңір арқылы өтетін республикалық тас жолдың үш шақырымын қыста қар алады екен. Ол маңға мамандар қар ұстайтын көшірмелі қалқандарды орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, жылыту пункттерін де ашпақ.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы техникасының қысқа дайындығын жергілікті полиция және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де тексеріп, пысықтады. Себебі, қыс мезгілінде жолдарда оқыс оқиға бола қалса, аталмыш үш ведомства бірлесе жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындарынан тіркелмеген 12 қару тәркіленді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x