Биылғы мереке «Жаңа жыл — республика төрінде» ұранымен ұйымдастырылып, өңірдің түкпір-түкпірінен келген 9–13 жас аралығындағы оқушылар бас қосты. Қатысушылардың басым бөлігі — ауылдық елді мекендердің оқушылары, деп жазады Qazaqstan Media.

Мерекелік шараға қатысқан солтүстікқазақстандық балақайларды облыс әкімі құттықтап, Мемлекет басшысының атынан ізгі лебізін жеткізді.

«Құрметті балалар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл — үміт пен қуаныш, мейірім мен жақсылыққа толы ерекше мереке. Мемлекет әрбір баланың бақыт

СҚО-да Президенттік шырша өтті
СҚО-да Президенттік шырша өтті

ты әрі қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, өз қабілетін дамытуына ерекше мән береді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов. 

Өңір басшысы Президенттік шыршаның тек мерекелік шара ғана емес, еңбекқор, талапты және үлгілі оқушыларға көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

«Бүгінгі шырша — сіздер үшін арнайы дайындалған ертегі әлемі мен қуаныш мерекесі. Қысқы демалыс жарқын әсер мен жылы естелікке толы болсын. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз», — деді ол.

Мерекелік кеш театрландырылған қойылыммен басталды. Сахнада ән мен би, жаңа жыл тақырыбындағы көріністер, жыл ауысуының мәнін бейнелейтін композициялар ұсынылды. Кейін балалармен бірге облыс әкімі шырша шамдарын жағып, ән шырқап, мерекелік шеңбер құрды.

 

СҚО-да Президенттік шырша өтті
СҚО-да Президенттік шырша өтті

Солтүстік өңірдің балалары шыршаға ерекше дайындықпен келген. Бірі ертегі кейіпкерлерінің бейнесін таңдаса, енді бірі заманауи образ ойлап тапқан. Қызылжар ауданының Белое ауылынан келген Дамир Магуянов атом электр станциясы қызметкері кейпінде келіпті.

СҚО-да Президенттік шырша өтті
СҚО-да Президенттік шырша өтті

«Костюм ерекше болсын дедім. Ата-анаммен бірге ойлап тауып, арнайы тіктірдік. Президенттік шыршаға алғаш рет келіп тұрмын, маған өте ұнады», — дейді ол.

Ақжар ауданынан келген оқушылар 2026 жылдың символы — жылқы бейнесіндегі қолдан тігілген костюм көрсетті.

СҚО-да Президенттік шырша өтті
СҚО-да Президенттік шырша өтті

«Ауданнан жеті баланы алып келдік. Киімдердің барлығын ата-аналар өздері тікті. Балалардың көңіл-күйі керемет, нағыз жаңа жылдық атмосфера сезіліп тұр», — дейді Ақжар аудандық білім бөлімінің бас маманы Махаббат Молдабаева.

Шара соңында оқушыларға сыйлықтар табысталып, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Президенттік шырша Солтүстік Қазақстан облысындағы балаларды қуанышқа бөлеп, жаңа жылды жарқын көңіл-күймен қарсы алуға мүмкіндік берді.

СҚО-да Президенттік шырша өтті
СҚО-да Президенттік шырша өтті

Тағы оқыңыз: Автобуста жасөспірімге қол жұмсаған петропавлдық екі жылға бостандығынан шектелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *