Есіл ауданының Спасовка ауылында ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Аудан әкімі Мереке Мұхамедияровтың қатысуымен өткен салтанатты шарада жаңа медициналық пункттің ашылуы Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі нақты тапсырмаларының орындалуын көрсетті, деп жазады Qazaqstan Media.

СҚО-да Президент тапсырмасына сай жаңа медициналық пункт ашылды
СҚО-да Президент тапсырмасына сай жаңа медициналық пункт ашылды

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл тұрғындарына медициналық көмекті жақындату, әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы бұл бағытта бірнеше рет:

«Ауылдағы медицина сапасы қаладағы деңгейден кем болмауы тиіс. Әрбір азамат, тұрғылықты жеріне қарамастан, уақытылы әрі қолжетімді медициналық көмек алуға міндетті», – деп атап өткен болатын.

Медициналық пункт «Явленское МТС» ЖШС-нің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберіндегі бастамасымен салынды. Жобаның жалпы құны 80 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат аясында тек медициналық пункт қана емес, медицина қызметкеріне арналған жайлы қызметтік баспана және учаскелік полицияға арналған жеке кабинет те бой көтерді.

СҚО-да Президент тапсырмасына сай жаңа медициналық пункт ашылды
СҚО-да Президент тапсырмасына сай жаңа медициналық пункт ашылды

Жаңа медициналық пункттің іске қосылуы Спасовка ауылында алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырды. Ал қызметтік тұрғын үйдің болуы білікті маманның ауылда тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасап, тұрғындардың кез келген өтінішіне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ғимаратта учаскелік полиция кабинеті орналасуы да Мемлекет басшысының ауылдарда қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі тапсырмасымен сабақтас. Бұл шешім ауыл тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз әрі тұрақты өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда аяз күшейіп, боран соғады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *