[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/photo_401141-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
СҚО-да полицейлерге шабуыл жасағандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға наурыздың 12-сі күні Мамлют ауданының орталығында болған. Қызмет атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлердің ауласының бірінде ішімдік ішіп отырғандарды байқап қалады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарға полицейлер ескерту жасаған. Бірақ алкогольге тойып алғандар, үйлеріне тараудың орнына тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгірген. Қызметкерлердің бірі ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 61-ші бабына сәйкес қаруды қолданған. Ол ең алдымен ескертпе ретінде ауаға оқ атқан. Кейін травматикалық тапаншаны бұзақыларға қарсы қолданған. Нәтижесінде қос шабуылшы медициналық көмекке жүгінді. Бірақ екеуі де ауруханаға жатқызылған жоқ.
«Қазіргі уақытта 38, 27 және 20 жастағы жергілікті тұрғындар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігі бойынша «билік өкіліне қатысты қатер немесе зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Оның санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]