СҚО-да полицейлерден қашып жүрген қылмыскер жер астында жасырынған

Солтүстік Қазақстанда қылмыс жасап іздеуде жүрген 48 жастағы азамат орманда жасырынған. Ол бір ай бойы өзі қазған жер астындағы жеркепеде тұрып келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

М. Жұмабаев аудандық полиция бөліміне мал ұрлығы жөнінде хабар келіп түскен. Белгісіз адам ауыл тұрғынының жылқысын ұрлап әкеткен. Онымен қоса  ер-тоқым, жүген мен киіп жүрген пимасын да қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер мен жылқының иесі қар үстіндегі ізді көріп, 30 шақырымдай жаяу жүрген. Іздер Булаево – Молодогвардейское автожолына жақын жердегі орман ішіне алып барған. Полиция қызметкерлері қалың бұталардың арасында жерді қазып, орнатылған жеркепені байқайды. Оның ішіне қолдан жасалған пеш те бар. Ауданның 48 жастағы тұрғыны жылқыны сойып жатқан жерінде ұсталды.

СҚО-да полицейлерден қашып жүрген қылмыскер жер астында жасырынған

«Бұл азамат бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығы шектелген. Бірақ пробациялық бақылауға тұрмай, қашып кетіп, бой тасалаған. Дәл осы адам ұрланған жылқының иесінде бұрын жұмыс істеген, қора-қопсының орналасқан жерін және қандай жылқылардың үйретілгенін жақсы білген. Жоғалған пима қылмыскердің адамдардан жасырынып жүргенін байқатты», – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Ол мал және пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен ұсталды. Анықталғандай, пәтер ұрлығын сот үкімі шыққаннан кейін жасырынған күні жасаған. Сондай-ақ ол пробациялық бақылау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 22 жастағы жігіттің жүрегіне темір тікен кіріп кеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *