СҚО-да полицейлер қар құрсауында қалып қойып, үсіп қала жаздаған адамды құтқарды. Тексеру жұмыстарына сәйкес, азамат ішімдікке сылқия тойып алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға желісіне тоқталсақ, 18-ші қаңтар күні Мамлют аудандық полиция бөлімінің кезекшісі Азамат Қаскенов бейнебақылау камералары арқылы жолдан 400 метр қашықтықта ұйықтап жатқан адамды көреді. Бірден учаскелік инспектор Қайырбек Мұстафинге хабарлайды.

Оқиға орнына дер кезінде жеткен шенді қалың қардың арасында жатып қалған азаматты тұрғызып, медициналық мекемеге дейін жеткізді. Тексеру барысында 39 жастағы ер адамның ащы суға сылқия тойып алғаны анықталды.

«Тұрғындардан алкогольді асыра пайдаланбауға және қақаған аяз кезінде барынша сақ болуға шақырамыз. Себебі, қақаған аяздағы жауапсыздықтың кесірінен өміріңізге қауіп төнуі мүмкін», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 43 жоба қаржыландырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *