СҚО-да полицей аңшы мылтығын заңсыз пайдалануға рұқсат берген

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында полиция майоры халықтан пара алып келген. Ол тұрғындардан аңшы мылтығын тіркеу үшін ақша алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осындай заңсыз әрекетке барған 37 жастағы полиция майорын қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстаған. Аңшы мылтығын тіркеу үшін ақша алып келген тәртіп сақшысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

«11 айдың ішінде полицейлерге қатысты парақорлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары 50% азайды. Былтыр 18 болса, биыл 9. Күдікті ретінде тіркелген қызметкерлер саны 11-ден 1 адамға азайды. Олар қауіпсіздік басқармасы арқылы анықталды. Пара алу бойынша тіркелген 9 фактінің барлығы да бір адамға қатысты», — деді қоғамдық кеңес отырысында есеп берген СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның бас полицейін алаяқтар алдамақ болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x