СҚО-да пара алып ұсталған полковник үй қамаққа алынды

Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов тергеу изоляторынан үй қамаққа ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады. Онда осыдан бірнеше күн бұрын пара алып жатқан жерінде ұсталған Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы жайлы да айтылды.

«Ол СҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу бойынша қызметтерді көрсететін кәсіпкерлік субъектісінен 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Департамент басшысы мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескен. Соттың санкциясымен күдікті үй қамаққа алынды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер мен құтқарушылар рейдтерді күшейтті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x