Солтүстік Қазақстан облысында пара алып қолға түскен Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дюсембин, ТҮКШ бөлімінің басшысы Дмитрий Руденкоға қатысты сот үкімі шықты. Сонымен қатар, оларға ақша берген «ВТВ Тайынша» ЖШС директоры Ваге Акопян да сотталды. Олар осы жылдың мамыр айында ұсталған болатын, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тайынша ауданының экс-шенеуніктері аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарын кедергісіз қабылдау үшін жеке кәсіпкер Ваге Акопяннан ақша алған. Тайынша ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Еркебұлан Дюсембин мен сол кездегі ТҮКШ бөлімінің басшысы Дмитрий Руденконы ұстағанда олардың қалталарынан үш млн теңге табылды. Кейін үйлерін тінту барысында тағы да қаражат анықталған. Осылайша, параның жалпы сомасы 10 млн теңгеге жуықтаған. Еркебұлан Дюсембин мен Ваге Акопян бірден қамауға алынса, Руденко осы күнге дейін үй қамақта болған.
Алты айға жуық жүргізілген тергеу амалдары барысында күдіктілерге тағылған айып толықтай дәлелденген. Оған қоса Дмитрий Руденко бірден кінәсін мойындап, мән-жайды айтып берген.
30-шы қазан күні Петропавл қалалық сотында шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты.

СҚО-да пара алған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшы сотталды

«Еркебұлан Дюсембин ҚР ҚК 366 бабының 3 бөлімі 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Жазасын өтеу күні қамауға алынған уақыттан яғни, 2024 жылдың үшінші мамырынан бастап есептелінсін. Оның қамаудағы бір күні бір жарым күнге тең болады. Сот
Дмитрий Руденконы ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі 2 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін. Дмитрий Руденко сот залында қамауға алынсын», — деген үкім шығарды судья Алмас Жұмағазин.

Оның үй қамақта болған уақыты да ескеріліп, екі күн бір күнге теңестірілді.
СҚО-да пара алған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшы сотталды

Ал жолдарды жөндеумен айналысып жүрген кәсіпкер Ваге Акопян ҚР ҚК 367 бабының 2 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға сотталды. Оның банкте жатқан алты миллион теңгеден астам қаржысы мен 1700 АҚШ долларын мемлекет пайдасына өткізілсін деген үкім оқылды.
Сот үкім шығару барысында сотталғандардың кәмелетке толмаған балалары барын ескерген.

«Еркебұлан Дюсембинге аталмыш бап бойынша ең максималды жаза берілді. Дмитрий Руденко өз кінәсін мойындады. Төртінші мамыр күні берген жауабында бірден мәнжайды айтты. Сол жауабын өзгерткен жоқ. Екеуі де мемлекеттік қызметте істеп жүріп, мемлекеттік қызметкер антын бұзды. Олар мемлекеттік органның атына кір келтірді. Сондықтан да, максималды жаза тағайындалды», — деп түсіндірді судья.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Олар 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық дәрігерлер 600 грамм болып туған баланы аман алып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x