СҚО-да бір айға жуық уақыт бұрын отын дайындауға кеткен ер адам жоғалды. Соңғы рет оны қазанның 15-і күні көрген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл өңірде тіркеліп отырған осымен екінші жағдай. Осыған дейін Есіл ауданында 27 жасар жігіт жоғалып, бірер күні бұрын оның денесі орманнан табылған болатын. Ал енді осыған ұқсас оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында қайталанып отыр. Булаево қаласының 38 жастағы тұрғыны Евгений Андреевский Скворцовка ауылының маңындағы орманға отын дайындауға кетіп, іс-түссіз жоғалған. Соңғы рет оны 15-ші қазан күні көрген. Қазір еріктілер оны іздестіріп жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінің 16 сарбазы білім грантын жеңіп алды