ҚР Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 3 маусымда 2023 жылғы еліміздегі еңбек бойынша негізгі көрсеткіштерді атады. Сондай-ақ сарапшылар еліміздің әр өңіріндегі орташа жалақы мөлшері туралы ақпаратты жариялады, деп жазады Qazaqstan Media.
Ұлттық бюро сайтының мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы көлемі 364 295 теңгені құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа айлық Атырау облысында, ол 607 635 теңгені құрайды.
Одан кейін Маңғыстау облысы тұр – 535 156 теңге, Ұлытау облысы – 483 812 теңге.
Ал ең төменгі жалақы мына өңірлерде тіркелген:
Солтүстік Қазақстан облысында – 262248 теңге,
Жамбыл облысында – 269125 теңге,
Жетісу облысында – 269378 теңге,
Түркістан облысында – 270660 теңге.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңге мөлшерінде белгіленді.
Тағы оқыңыз: 2024-2025 оқу жылындағы демалыс күндері белгілі болды