СҚО-да Орта Азиядағы ең ірі сүт кешені салынып жатыр

Солтүстік Қазақстанның шаруалары биыл 6,2 млн тонна бидайды ысырапсыз орып, қамбаға құйды. Мал шаруашылығы саласында да қол жеткізген нәтижелері жақсы. Өңірде 11 сүт-тауарлары фермасы сәтті жұмыс істеп тұр. Оған қоса, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы да қолға алынған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ауыл шаруашылығы саласы солтүстік өңірдегі жетекші салалардың бірі. Биыл аграрирйлер рекордтық өнім алды. Қамбаға 6,2 млн тонна бидай құйылды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Гектар берекелігі орта есеппен 18,6 центнерді құрады. Мұндай жақсы нәтижеге шаруалар минералды тыңайтқыштарды енгізудің арқасында қол жеткізген. Жыл сайын диқандар оның көлемін ұлғайтып отыр. Былтыр 190 мың тонна, биыл 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыш сіңдірілді.

«Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілді. Бір жыл ішінде аграрийлер екі мың техника мен жабдық сатып алды. Оған 58 млрд теңге жұмсалды. Биыл алғаш рет отандық техника лизингпен берілді.
Ал мал шаруашылығына келер болсақ, мұнда тауарлы-сүт фермаларының жұмысын атап өтуге болады. Былтыр бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінген болатын. Қазір 11 ферма сәтті жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы сегізі іске қосылады. Егер жоспар іске асып, фермалардың барлығы іске қосылса онда 500 адамға жұмыс табылады. Ал қуаттылық 70 мың тонна сүтті құрамақ», — дейді жылды қортындылаған облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Құс етімен толық қамтамасыз ету үшін екі құс фабрикасы тұрғызылды, оның қуаттылығы жылына 6,5 мың тоннаны құрайды. Петропавлда қуаттылығы 10 мың тонна болатын тағы бір құс фабриксының құрылысы жүргізілуде.

«Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша инвеститциялық жобалар жүзеге асырылуда. «Зенченко и К» КС майлы дақылдарды қайта өңдейтін цех салып жатыр. Оның қуаттылығы жылына 13 мың тонна. Сонымен қатар, компания жұмыс істеп тұрған сүт зауытын кеңейтіп жатыр. Оған қоса, серіктестік сегіз мың басқа арналған сүт фермасының құрылысын бастады. Ол Орталық Азиядағы ең ірі кешен болады», — деп хабарлады жауапты ведомство.

Сонымен қатар, облыста «Евразиан милк» ЖШС қоюландырған сүт өндіретін цех салып жатыр. «Мемолюкс» ЖШС құрама жем заутының құрылысын аяқтауға жақын. Аталған жобаларды іске асыру майлы дақылдардың және сүт өнімін қайта өңдеу үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Тұзақ» сериалының көрсетілімі болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *