Көп ұзамай облыста орақ науқаны басталады. Облыстық әкімдік қабырғасында өткен жиында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Токужинов маңызды кезеңге дайындық жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Биыл 4,3 млн гектардағы өнімді қамбаға құю қажет. Ол үшін тегеурінді техника қажет. Дәурен Токужиновтің сөзінше, науқанға трактор-комбайндар сақадай сай.
Ағымдағы жылы орақ науқанына жеті мың комбайн қатысады. Соның төрт мыңы — заманауи. Сонымер қатар, 12,3 мың трактор, 9 мың тіркеме, 5,5 мың дестелегіш және 5,6 мың жүк көлігі жұмылдырылады. Барлығы дайын»,- деді жауапты басқарма басшысы.
Жыл басынан бері облыста 31,9 млрд теңгеге 1214 бірлік техника сатып алынды. Күзгі дала жұмыстарына 58,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Бір литрі 254 теңге тұрады. Ал нарықтағы баға — 315 теңге. Сондықтан тапшылық болмауы тиіс.
Соңғы бақылау қорытындысына сүйенсек, дәнді және майлы дақылдардың 90 пайызы пісіп қалды. Алайда, аудандардағы ылғал көлемі әртүрлі. Алдағы күндері тағы жаңбыр жаууы мүмкін. Демек, элеваторлар кептіргіш құралдарын дайындай беруі қажет.
СҚО-да орақ науқанына дайындық пысықталды
«Облыста жаңа өнімді қабылдауға арналған 45 элеватор бар. Жалпы сыйымдылық 3,2 млн тоннаны құрайды. Қалған астық агроқұрылымдардың қоймаларында қоймаларында сақталады. 342 кептіргіш құрал дайылдалды. Олар сағатына 34 тонна өнім кептіруге қауқарлы»,- деді Дәурен Токужинов.
Дәурен Токужиновтің сөзінше, егер ауа райы мүмкіндік берсе орақ науқаны 30-35 күнде аяқталады.