Солтүстік Қазақстанда заңсыз лицензия беру фактілері анықталды. Онымен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы айналысқан. Лауазымды тұлғалар елді мекен маңында пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат берген. Мұны прокурорлар анықтап отыр. Жұмыстар Қызылжар ауданында екі ауылдың маңында жүргізілген, деп жазады Qazaqstan Media.

Қызылжар ауданындағы Березовка және Шаховско ауылдары маңында пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар заңсыз жүрзіліпті. Нақтырақ айтсақ, облыстық  кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары лицензияны заңсыз берген.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 25-бабына сәйкес, қазба жұмыстары ауылдардан  бір мың метр қашықтықта жүргізілуі тиіс. Оған қоса,  аталған кен орындары  мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан. Жалпы ауданы 44 гектарды құрайды.

«Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талап — арыздары бойынша сот жоғарыда аталған лицензияларды жарамсыз деп таныды. Бүгінгі таңда сот актілері заңды күшіне енді. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,-деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: Екінші мүмкіндік: СҚО-да қант зауытын салу тағы қолға алынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *