Петропавлда тоғызыншы сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру мақсатында облыстық чемпионат өтті. Оған 100-ден астам бала қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Гуманитарлық техникалық колледж қабырғасында өткен чемпионат дәстүрлі болып саналады. Осыған дейін аталмыш іс шара көбіне колледж ішіндегі кәсіптік бағдарлау аясында болса, биыл жұмысшы мамандықтардың маңыздылығына, мәртебесіне аса мән беріліп отыр.

СҚО-да оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары күшейтілген

«Биылғы чемпионаттың деңгейі де, маңызы да арта түсті. Біз жоспарлы түрде, облыстық білім беру басқармасымен келісіп, бекіттік. Басты мақсат –қарапайым жұмысшы мамандығының маңыздылығын түсіндіру. Олардың қажеттілігінің артқанын жеткізу. Сонымен қатар, оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға септесу», — дейді арнайы орта білім беретін оқу ордасы директорының орынбасары Алмат Макишев.

Мамандықтар бойынша өткізіліп жатқан өңірлік  чемпионатқа тек тоғызыншы сынып оқушылары қатысып жатыр. Сайыста көрсетілген сегіз жұмысшы мамандығы бойынша гуманитарлық техникалық колледжде білім алуға болады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, автомеханик мамандығы бойынша арнайы сынып жабдықталған. Тәжірибелік базасы да жақсы. Бұл салада өз білімін сынауға Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы Нұрбақыт Нұртазин келген.

СҚО-да оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары күшейтілген

«Автомобильдерге қызығушылығым бар. Бірақ болашақ мамандығымды әлі таңдаған жоқпын. Мұндай чемпионатқа алғаш қатысып отырғандықтан, қобалжу бар. Қазір бірінші тест сұрақтарына жауап береміз. Кейін практикалық тапсырма орындаймыз. Бұл жерде өзіме қажетті ақпаратты алып шығамын деп ойлаймын», — дейді оқушы.

Жалпы әр бағыт бойынша бір мектептен екі оқушыдан қатысып жатыр.

Тағы оқыңыз: «Севказэнергосбыт» ЖШС-ға 6 млн теңге айыппұл салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *