Биыл қазақтың бірегей композиторы, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына -100 жыл. Осыған орай Петропавлда «Өнеріміз саған, Қазақстан» атты облыстық байқау өтті, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақ музыкасының шамшырағы, ел мақтанышының мерейтойына орай Петропавлда  «Өнеріміз саған, Қазақстан» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Мұнда ұл-қыздар нар тұлғаның шығармаларын орындайды. Бұл сайыстың өзгелерінен басты ерекшелігі — сахнада өнер көрсететін оқушылар — өзге ұлт өкілдері.

СҚО-да Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай облыстық байқау өтті
СҚО-да Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай облыстық байқау өтті

«Бұл сайыстың негізгі мақсаты — қазақ өнерін, мәдениеті мен салт-дәстүрін өзге ұлт өкілдері арасында насихаттау. Осылайша төл мәдениетімізді көпшілікке таныстыру. Жастардың бойында патриоттық рух қалыптастыру», — халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы СҚОФ төрағасы Жанат Мұхамеджанов.

Байқауға өңіріміздің әр ауданынан төрт оқушыдан келген. Жастары 14 пен 18 жас аралығында. Сайыс екі номинациядан тұрады. Біріншісі «Дала дауысы» деп аталады. Мұнда қатысушылар Нұрғиса Тілендиевтің әндерін қазақ тілінде орындайды.

СҚО-да Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай облыстық байқау өтті
СҚО-да Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай облыстық байқау өтті

Келесі кезекте – «Алтын ішектер» номинациясы. Бұл кезеңде оқушылар қазақтың ұлттық аспаптарының бірінде композитордың музыкалық шығармаларын ойнайды. Байқау соңында соңында өнерлі жастармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл үш мыңнан астам адам шешекпен ауырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *