СҚО-да моншада болған өрттен бір адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда өрттен бір адам қайтыс болды. От моншадан шыққан, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазанның 19-ы күні Жамбыл ауданы Пресновка ауылында өрт болған. Кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінің моншасы отқа оранды. Кейін жалын ауланы да шарпыған.
«Оқиға орнынан иіс тиіп уланған ер адамның жансыз денесі табылды. Ол 1960 жылы туған үй иесі болып шықты», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды мамандар сағат 19:15 толық сөндірді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да трактор жүргізушісі жол апатынан көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *