Қайғылы оқиға сегізінші наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Восходское ауылында болды. Мерекелік отырыс кезінде 46 жастағы ер адам ауылдасын өлтірген, деп жазады Qazaqstan Media.
Көршілерінің айтуынша, ер адамдар бірге жұмыс істеп, отын жарған. Жұмыстарының еңбекақысын олар бірге жұмсап, көңілді мерекелік кеш ұйымдастырады. Арақ ішкеннен кейін олардың арасында жанжал шығып, біреуі екіншісіне пышақ сұққан. Жарақаты ауыр болғандықтан, 44 жастағы ауыл тұрғыны қайтыс болды.
«Күдікті – осы ауылдың 46 жастағы тұрғыны. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апатынан 74 жастағы жүргізуші көз жұмды