Солтүстік Қазақстан облысында бес мемлекеттік қызметшінің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысқаны анықталды, деп жазады Qazaqstan Media.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мұндай әрекеттері заң бұзушылық болып саналады. Оларды атқарып отырған лауазымынан босатуға негіз болады.
Қазіргі таңда облыста аудандық деңгейдегі үш қызметкер лауазымынан босатылды. Ал екі ауылдық округ әкіміне қатысты шара қолдану жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті аудан әкіміне ұсыныс енгізді.
Осыған дейін Ақжар аудандық әкімдігінің мамандары «1XBET» букмекерлік кеңсесінде бәс тіккендері туралы жазған болатынбыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды