Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Покровка ауылын сумен қамтамасыз ету үшін 87 млн теңге бөлінген. Алайда жұмыстар орындалмаса да, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғалары қаржыны төлеп қойған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын дөрекі бұзғандарды өңір прокурорлары анықтаған. Олқылық бюджеттік қаражатты пайдалану саласында жүргізілген талдау барысында тіркелді.
«Орындалмаған жұмыс үшін негізсіз төленген қаражат толығымен қайтарылды. Прокурорлық қадағалау актісі және әдеп бойынша кеңестің ұсыныстары бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің атына кір келтіргені үшін жұмыстан босатылды. Ал нысанның құрылысы бақылауға алынды», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Мәжілісте «Солтүстік үстемақысын» көтеру мәселесі қаралды